ӘЧ: Марокко құрамасы Канаданы жеңіп, ширек финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Марокко ширек финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды.

Фото: Fifa.com

Африкалық футболшылар 1/8 финалда жарыс қожайынының бірі — Канадамен шеберлік байқасты.

Ойын барысында марокколық құраманың белсенділігі байқалып тұрды. Соған қарамастан бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. 

Екінші кезеңде олар қатарынан үш гол соғып кетті. Алдымен марокколық Аззедин Унаи 58, 82-минутта екі мәрте мергендік танытса, 98-минутта Суфьян Рахими қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Марокко қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға берілген алғашқы жолдамаға қол жеткізді.

Енді 5 шілдеде сағат 02:00–де Парагвай — Франция құрамалары жасыл алаңға шығады.
Сондай-ақ 1/8 финалда 6 шілдеде Бразилия — Норвегия, 05:00–де Мексика — Англия, 7 шілдеде 00:00–де Португалия — Испания, 05:00–де АҚШ — Бельгия, 21: 00-де Аргентина — Мысыр, 8 шілдеде 01:00–де Швейцария — Колумбия шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Колумбия плей-офф сатысына берілген соңғы жолдамаға ие болды.