Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Тимур Жакеев бұған дейін де осы салада еңбек етті. Заңгерлік білімі бар маман Орталық Қазақстан академиясын бітірген.

Фото: GOV.KZ

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі бүгін тағайындалды. Тимур Жакеев - заңгер. Көкшетау экономика және менеджмент институтын және Орталық Қазақстан академиясын бітірген.

- Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың құрылымында 2025 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Тағайындалғанға дейін Құқықтық және ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің кемсітушіліктің барлық нысандарын болдырмау және заңнаманы жетілдіру жөніндегі секторының бас инспекторы қызметін атқарған,- деп хабарлады ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми парақшасы.

Бұған дейін Ақтөбеде дін істері басқармасының басшысы тағайындалды.