Адам өлтіріп қашып жүрген Түркістан облысының тұрғыны Мәскеуде ұсталды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері адам өлтіргені үшін 4 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді Ресей астанасы Мәскеу қаласынан ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сарыағаш АПБ-ніңполицейлері ТО ПД-нің Криминалды полиция қызметкерлерімен бірге 4 жылға жуықіздестіруде жүрген, аса ауыр қылмыс жасаған жергілікті тұрғынды ұстады.

2015 жылы мамырайында түнгі уақытта Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесінеауылдардың біріндегі емханаға «екі аяғына оқ тиіп жарақат алған» ер адамныңденесі жеткізілгендігі туралы хабарлама келіп түседі.

Тексеру барысында,бір ауылдың екі тұрғыны арасында түсінбеушілік туындап, соңы ерегіскеұласқандығы белгілі болады. Бір тұрғын екі танысының көзінше, ерегескен адамды қосауыз мылтықпен атып өлтірген.

Аталған жайт бойыншаҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Аса ауыр қылмысжасаған тұрғын тергеуден бой тасалап жүргендіктен оған халықаралық деңгейдеіздестіру жариялайды.

Сарыағаш АПБ полицейлеріадам өлтірген күдіктінің Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында жүргендігін анықтап,ұсталады.

1 шілдеде ол РесейденШымкент қаласындағы ИЧ-167/11 мекемесіне жеткізілді.

Қазіргі таңдаСарыағаш АПБ тергеу бөлімшесі осы қылмыстық іске байланысты тергеу амалдарынжүргізуде.

Соңғы жаңалықтар