Адам, оның әл ауқаты және өңірлерді дамыту мәселелері Президенттің басты назарында — Айбек Дәдебай

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Құрылтай отырысында Төраға Айбек Дәдебай Президент Жолдауының маңызы жөнінде мәлімдеме жасады.

Фото: Ақорда

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының Жолдауы — еліміздің жаңа жағдайдағы алдағы нақты нақты даму бағдарын айқындайтын бағдарламалық құжат.

— Бұл — Конституция қабылданып, бүкіл саяси жүйе жаңғыртылғаннан кейінгі алғашқы жолдау. Енді Мемлекет басшысы жаңа саяси институттардың алдына нақты міндеттер қойып отыр, яғни — жүргізіп жатқан реформаларды нақты мазмұнмен байытып, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Осы орайда, Құрылтай депутаттарына да зор үміт артып отыр, — деді Айбек Дәдебай.

Сонымен қатар, Президентіміздің басты назарында әрдайым адам, оның әл ауқаты және өңірлерді дамыту мәселелері тұрғанын атап өтті.

— Әрбір қазақстандық жолдаудан өзі үшін маңызды шешімдерді таба алады. Ең бастысы, жолдау еліміз бен азаматтардың игілігі жолында барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың жүйелі әрі қарқынды жұмыс істеуіне тың серпін береді. Президент ұзақ уақыт бойы тиісті шешімін таппай келген түйткілді мәселелерге тағы да нақты жауап берді. Олар еліміздің алдағы ұзақ жылға арналған табысты әрі орнықты дамуының берік негізін қалады, — деді Құрылтай Төрағасы.

Одан бөлек, депутаттық корпус Мемлекет басшысының сапалы әрі уақытылы орындалуы үшін барлық күш жігерін жұмсайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу жөнінде хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдағанын жазғанбыз.