АСТАНА. KAZINFORM — Биыл жыл басынан бері Мьянма, Камбоджа және Лаоста құлдықта болған еліміздің 17 азаматы қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлім етті.
Министрліктің мәліметінше, олардың аман-есен елге оралуына дипломаттар жәрдемдескен.
— 2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Таиландтағы Қазақстан Елшілігінің көмегімен Мьянмадан 5 азамат елге оралған. Сонымен қатар Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің қатысуымен Камбоджадан 8 және Лаостан 4 қазақстандық қайтарылған, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдан бері шетелдегі қазақстандық дипломаттардың көмегімен заңсыз ұстап тұру және еңбек қанауы жағдайына тап болған жалпы 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.
Еске салайық, бұған дейін кейінгі жылдары Мьянманың өзінен 49 азамат елге қайтарылғаны жарияланған еді.
Назерке Сүйіндік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ұлыбританиядағы Sussex университетінде магистр дәрежесін алған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің саясаттану мамандығы бойынша PhD докторанты. Бұған дейін BAQ.kz, Strategy2050.kz, QazaqTimes.kz секілді ақпараттық платформаларда жұмыс істеген. Қазір «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі. Халықаралық саясат, дипломатия, медиа, ақпараттық саясат және қоғамдық-саяси мәселелерді тұрақты түрде жазып келеді.