Адасқан бүлдіршін Сарыағаштағы базар ішінен табылды

Фото: None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Сарыағаш АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне 4 жасар баланың жоғалғандығы туралы хабарлама келіп түседі. Аталған жайттан хабардар болған полицейлер бірден оқиға орын алған жерге аттанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Ата-анасымен сөйлесіп, көршілерінен сұрақ-жауаптар алады.Содан соң сақшылар бірнеше топқа бөлініп, ата-анасымен бірге, баланың баруымүмкін деген аймақтарды, аудан көшелерін, халық көп шоғырланған жерлер мен балабақшалардытексере бастайды.

Бір сағаттансоң тыңғылықты тексерудің нәтижесінде базарға қарай бағыт алып, сол маңдытексеруді өзіне жүктеген полицей Ербол Тайманов базардың ішінен бүлдіршіндікездестіреді. Осылайша қырағы полицей адамдар көп шоғырланған базар ішінен әлітілі толық шықпаған бүлдіршінді тауып, ата-анасына дін аман табыстайды.

Жәбірленушініңайтуынша, бала таңғы асын ішіп бола салысымен, ауладағы көршілердің балаларыменойнауға шыққан. Бірер сағаттан соң, анасы бүлдіршінді іздеп шыққанда оны табаалмаған. Осылайша баласынан қас қағым сәтте көз жазып қалған ата-ана полицияғабірден хабар берген. Бір қызығы, бүлдіршін ешкімнің назарын аудармаған. Өзімен өзі ойыншықтарды қызықтап аралапжүрген.

Немересініңдін аман табылғанына қуанған әжесі Сарыағаш АПБ-нің полицейлері мен ювеналдыполиция тобының аға инспекторы Ербол Таймановқа алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар