Оның сөзіне қарағанда, Қызылорда қаласында облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік және ҚР ҰҚК департаменті қызметкерлері Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан алу жұмыстары бөлімшесінің лауазымды тұлғасын ұстады.
«Ол 2018 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында жүйелі түрде жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берумен заңсыз айналысып келген. Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға көмек көрсетіп отырған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ол.