«Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдадым. Кеңес қызметіндегі заманауи HR-менеджмент әдістерін қолдану бойынша жұмысты мақұлдадым. Азаматтардың өмірлік мүдделеріне қатысты шешімдерді қабылдауда әділеттілікті қамтамасыз ету үшін судьяларды объективті іріктеудің маңыздылығын атап өттім», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдағанын жазған болатынбыз.