АСТАНА. KAZINFORM - Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы кураш жарыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасында 81 келі салмақтың жартылай финалында отандасымыз Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен белдесіп, 0:10 есебімен жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін ширек финалда Әділет Ахметғали Тайпей өкілі Хе Сунгты 10:0 есебімен сенімді жеңген болатын.
Осыған дейін Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының жартылай финалына шыққаны туралы жаздық.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.