Футболдан Африка кубогының финалистері белгілі болды
07:52, 15 Қаңтар 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Африка кубогының финалына жолдама алған екі команда анықталды.
Турнир қожайыны Марокко финалда Сенегалмен күш сынасады. Финал 18 қаңтарда өтеді.
Ал жартылай финалда сүрінген Мысыр мен Нигерия 17 қаңтар күні қола жүлде үшін таласады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) офсайд ережесін өзгерту туралы ұсынысты қолдамағанын жазған едік.