Арзан әрі қарапайым көлік Африканың шалғай аудандарына жүк және адамдар тасу үшін s45fqks7 Ox көлігінің көлемі 4,7 х 2,1 х 2,3 метр, 60 қана бөлшектен тұрады, барлық бөлшегі бір қорапқа сыйып кетеді. Оны үш қызметкер 12 сағатта құрастырып шығады. Автомобиль қорабында 1.9 тонна жүк немесе 13 адам тасымалдай алады. Жүргізуші және тағы екі адам кабинаға отырады.
Асты биік әрі қысқа көлік жол таңдамайды. Оған Ford-тың дизель қозғалтқышы орнатылған, алайда технология дамыған уақытта оны электр қозғалтқышқа алмастыруға болады.