«Күдікті марқұм көмілген жерді өзі тауып берді. ҚР ҚК 99 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған», - деп мәлім етті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Ағыбай Смагұловтың із-түссіз жоғалғандығы жөнінде ақпарат әлеуметтік желіге жарияланған болатын. Онда ер азамат 17 тамыз күні Алматы қаласындағы үйінен шығып, Алматы облысындағы Қарасай ауданына бағыт алғаны жазылған еді. Жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті Қарасай ауданында ұсталып, қамауға алынды.