Байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен іріктелген үздік студенттер қатысып жатыр.
Қатысушылар «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша өз шеберліктерін көрсетіп бастады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникасын басқару, жабдықтарды диагностикадан өткізу және жөндеу, заманауи цифрлық технологияларды қолдану сияқты өндірістік жағдайға жақын тапсырмаларды орындады.
Екі күн ішінде студенттер білімі мен дағдыларын көрсетіп ғана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа кәсіби машықтарға ие болады. 30 қыркүйек күні жеңімпаздар анықталып, үздік қатысушылар марапатталады.
Бұған дейін республикадағы колледждердің үздік студенттері анықталған еді.