«ҚР Үкімет басшысының орынбасары Б. Сапарбаев жергілікті атқарушы билікке өңірлердегі ұлттық бірыңғай тест тапсыру пункттерін кеңейту туралы тапсырма берген еді. Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тест тапсыратын 155 пункт болған. Ағымдағы жылы еліміздің түрлі облыстарында, аудандарында жергілікті қаржы есебінен қосымша он ҰБТ тапсыру орталығы ашылады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған пунктер еліміздің ең шалғай елді мекендерінде жасақталады.
«Оқушылар ҰБТ тапсыру үшін 300-500 шақырым жол жүріп бізге келмей, біз оларға баруымыз керек. Мұндай пунктер бізде шалғай өңірлерде бар. Дегенмен, біз оны одан ары кеңейтудеміз әрі жалғастыра береміз», - деді С.Нүсіпов.