АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық балуандар Нұрқожа Қайпанов пен Нилуфар Раимова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта Юнес Эмамичогаиға (Иран) жол берді.
Нилуфар Раимова әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта қытайлық Кэ Син Хунға есе жіберді.
Осылайша қос балуанымыз Азиаданың қола медалі үшін бақ сынайды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы дзюдодан финалда бақ сынайды.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.