Аида Садатқызы Тулеева бұған дейін Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Ол мемлекеттік басқару, журналистика және қоғамдық коммуникациялар салаларында еңбек еткен. Мәскеу политехникалық университетінің Баспасөз және медиаиндустрия жоғары мектебін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2015 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында бастаған. Әр жылдары редактор, редактор-жүргізуші және редактор-талдаушы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар республикалық басылымдардың меншікті тілшісі болып, Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген.
2021 жылдан бастап Маңғыстау облысы әкімі аппаратында өңірлік даму және талдау бағытында қызмет атқарды. Сол жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығының директоры болып тағайындалып, бұл қызметті 2025 жылғы наурызға дейін атқарды.
Кейін Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органдары жүйесінде жұмыс істеген. 2025 жылғы қазаннан бастап Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Аида Садатқызы — Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Сондай-ақ спорт шеберлігіне үміткер және Маңғыстау облысының көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының президенті.
Бұған дейін, Президент Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды.