Air Astana Алматыдан ұшатын бірнеше рейс кешігіп жатқанын ескертті

Фото: Астана әуежайы

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан ұшатын кейбір рейстердің кешігіп жатқанын мәлімдеді. 

Әуекомпанияның хабарлауынша, Airbus A320neo әуе кемелерімен орындалатын рейстер күн райының қолайсыздығына байланысты енгізілген операциялық шектеулер салдарынан уақытынан кеш ұшып жатыр.

Тасымалдаушы жолаушылардан әуежайға жолға шықпас бұрын рейс мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды.

— Әуекомпания сайтына кіріп, рейсіңіздің статусын тексеріп алуларыңызды сұраймыз, — делінген компания таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатқанын хабарлағанбыз.