Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматы — Салала бағыты бойынша алғашқы рейс 23 қазанда орындалады. Ұшақтар аптасына бір рет, жұма күндері ұшады.
Ал Астана — Салала бағыты бойынша рейстер 24 қазанда басталады. Бұл бағыттағы ұшақтар сенбі күндері аптасына бір рет қатынайды.
Екі бағыт бойынша да Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелері пайдаланылады.
Қазіргі уақытта Қазақстаннан Оманға Алматы — Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы рейстер орындайды.
Еске салайық, мұның алдында Алматы — Токио рейсі 30 қарашадан бастап ұшатынын жазғанбыз.