Алматы - Токио рейсі 30 қарашадан бастап іске қосылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – 30 қарашадан бастап Air Astana Алматыдан Токиоға тікелей рейс орындайды. Бұл туралы Алматы туризм бюросы хабарлады.
Рейстер Airbus A321LR әуе кемесімен жүзеге асырылып, ұшақ Нарита (NRT) әуежайында қонады. Жолаушылар аптасына екі рет осы бағытта ұша алады.
⠀- Енді жапондық туристер Алматыға оңайырақ жете алады, ал Қазақстан тұрғындары үшін Жапонияға саяхаттау ыңғайлы бола түсті. Алда Алматыны Жапония нарығында ілгерілетуге бағытталған жаңа бірлескен жобалар күтіп тұр, - деп хабарлады туризм бюросынан.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстаннан тікелей жөнелтілетін халықаралық рейстерді көбейтуді тапсырды. Онда Алматы-Токио рейсі туралы да айтылды.
Өткен айда FlyArystan Алматыдан Қытайдың Чунцин қаласына тікелей рейс ашты.