Air Astana ұшағы құспен соқтығысып, рейс кешікті

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшаққа құстар соғу салдарынан рейс кешіктірілді. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметі растады. Борт таңертең елордаға ұшуы тиіс болған. 

– 14 тамызда КС 621 Алматы – Астана рейсі КС 622 Астана – Алматы рейсі құспен соқтығысқан іздердің анықталуына байланысты кешігіп жатыр, - деп хабарлады Air Astana компаниясының баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, 2025 жылдың басында Орал - Астана бағытымен ұшқан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысып қалған еді. Алайда ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонды. 

Сондай-ақ жылдың басында еліміздегі ұшақтардың қауіпсіздігіне шолу жасаған болатынбыз.