Агенттік Төрағасы табиғат сынақтар тұсында қиындыққа тап болған қоғам мүшелеріне мемлекеттік қызметші ретінде қолдау көрсетіп, азаматтық ұстаным және батыл іс-қимыл танытқаны үшін алғыс білдірді.
Батырғали Иманқұлов биыл 6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні ақ түтек боранда трактормен қар құрсауында қалып, ауылға қарай жаяу шығып бағытынан жаңылысып қалған азаматқа дереу көмекке барып, ауылға аман-есен жеткізген. Мемлекеттік қызметшінің ерлігінің арқасында азаматқа уақытылы көмек көрсетілді.
«Агенттік төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов табыстады», - делінген хабарламада.