Ақ үйдің баспасөз хатшысының көмекшісі Оливия Уэйлс Владимир Путин және Си Цзиньпинмен кездесу өтетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, келіссөздер Шэньчжэньде өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясында өтеді.
Негізгі мәселелердің бірі ядролық арсеналдарды қысқарту болмақ. АҚШ әкімшілігі Дональд Трамп ядролық қарудың таралуы халықаралық қауіпсіздікке төнетін елеулі қатер деп санайтынын жеткізді.
Дегенмен, АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі Вашингтон кездесу нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізіледі деп күтпейтінін ескертті.
Ақ үй алдағы келіссөздерді, ең алдымен, үш ел көшбасшыларының қарулануды бақылау мәселелері бойынша диалогының бастамасы ретінде қарастырады.
Иранға қатысты жағдай да талқыланатын тақырып болады. Ал үшжақты кездесу барысында Украинадағы қақтығысты талқылау, АҚШ шенеунігінің айтуынша, жоспарланбаған. Вашингтон Украина мәселесін Қытай қатыспайтын АҚШ-Ресей келіссөзі барысында талқыға салмақ.
Трамп пен Си Цзиньпиннің бөлек кездесуі
Үшжақты келіссөздерден тыс, АҚШ президенті 19 қарашада ҚХР төрағасымен екіжақты кездесу өткізеді, сондай-ақ жұмыс түскі асына шақырылған. Тараптар бұрын қол жеткізілген сауда келісімдерінің орындалуын талқыламақ.
АҚШ шенеунігінің айтуынша, Вашингтон кедендік баждарды өзгерту бойынша жаңа шешімдер күтпейді.
Оның орнына АҚШ сирек кездесетін металдарды жеткізу мәселесін көтеруді көздеп отыр. Ақ үй Қытай АҚШ-қа қажетті көлемді жеткізбей отыр деп санайды.
Дональд Трамптың Азияға сапары 16 қарашада басталады. Америка көшбасшысы алдымен Филиппин астанасы Манилаға барып, онда халықаралық кездесулерге қатысады, содан кейін Қытайға барады.
Бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге араағайын болған Қатар қақтығысты реттеу жөніндегі дипломатиялық әрекеттерде ілгерілеушілік барын мәлімдеген.
Ресей мен Украина Абу-Дабидегі келіссөзден кейін тұтқын алмасуға келісті.
Содан кейін Кремльде Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен және кәсіпкер Джаред Кушнермен кездесіп, тараптар Абу-Дабиде өткен Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөздердің қорытындыларын, гуманитарлық мәселелерді, аумақтық реттеуді және алдағы диалогтың болашағын талқылған.