АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, оқиға 5 қараша күні кешке болған. Ер адам Конституция даңғылында тұрған көліктің ішінде отырған. Құпия қызмет қызметкерлері оның күмәнді әрекетіне назар аударған.
Қызметкерлер көлікке жақындаған кезде ер адам ішкі түйсігі оған Вашингтонға барып, АҚШ президентін өлтіруді бұйырғанын айтқан.
Көлікті тексеру барысында құқық қорғау органдары атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тапты.
Ресми өкілдердің айтуынша, күдікті Ронни Йордрикс Гуанипа Кринос 2024 жылдың наурыз айында Техас арқылы АҚШ аумағына заңсыз кіріп, кейін шекара қызметінің қолына түскен.
Кринос ұсталғаннан кейін АҚШ Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) оны қамауда ұстау туралы өтінішті АҚШ сот приставтары қызметіне жолдаған. Қазір күдікті осы мекеменің бақылауында.
Биыл сәуір айында Ақ үйдегі тілшілердің кешкі асы кезінде Дональд Трампқа оқ атылған болатын. Кейін күдіктіге қастандық жасамақ болды деген айып тағылды.