– Мен Ақ үйден кетіп, өмірімнің жаңа кезеңін бастау туралы оңай емес әрі қимастық сезімге толы шешім қабылдадым, – деді Кэролайн Левитт.
Ол мұндай шешім қабылдауына екі баласына көбірек уақыт бөлгісі келетіні себеп болғанын түсіндірді.
Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Левиттке Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіндегі жұмысы үшін алғыс айтып, оны «Ақ үйдегі нағыз көшбасшы» деп атады.
АҚШ президентінің айтуынша, Кэролайн Левитт алдағы уақытта «басты сыртқы кеңесшілердің бірі әрі Республикалық партиядағы ықпалды тұлға» болады.
Айта кетейік, Андраш Бака Венгрияның жаңа президенті болып сайланды.