«Әкімдіктер мемлекеттік инвестициялар есебінен 269 млрд теңгеге әлеуметтік тұрғын үй және тұрғын үй құрылысы аудандарына инфрақұрылым салу бойынша 730 жобаны іске асырады», - делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жер учаскесі және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасы, аяқталмаған объектілері бар әкімдіктер мен жеке құрылыс салушылар кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй жобаларын іске асыруда мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалануда.
Бұдан бұрын хабарланғандай , салынып жатқан объектілерді тапсыру мерзімінің бұзылуына жол бермеу мақсатында, әкімдіктерге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кестесін қайта қарау және карантиндік шараларды алып тастағаннан кейін, әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылыс қарқынын күшейту қажеттігі туралы ұсынымдар жолданды.