Әкімдіктерге әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын күшейту туралы ұсынымдар жолданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздің құрылыс секторының тұралауына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жайында түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде құрылыс саласын қолдауға бағытталған бірқатар нақты шара қарастырылған. Оның ішінде әкімдіктерге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеке құрылыс салушылардан дайын тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі берілді. Осы мақсатта биыл 4 мыңнан астам пәтер сатып алу үшін 35 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл ретте республикалық бюджеттен қаражат шектеулер бойынша бөлінеді (1 шаршы метрге - 140-180 мың теңге). Әкімдіктер тұрғын үйлерді сатып алу кезінде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыра алады», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде.

Қазір еліміздің құрылыс секторында төтенше жағдайдың кері әсерін жеңілдету және коронавирустық пандемияға байланысты тұралауға жол бермеу мақсатында мемлекет барынша қажетті шаралар қабылдауда.

1. ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен қызметкерлердің жұмыс орындарында қашықтықты сақтай отырып, талап етілетін санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған жағдайда кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы кезең-кезеңмен жандандырылады.

2. Ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындары, сондай-ақ қызмет көрсету саласының белгілі бір секторлары, оның ішінде құрылыс компаниялары, асфальт және бетон зауыттары, көлемі 2 мың шаршы метрден асатын ірі құрылыс дүкендері жұмыстарын қайта жандандырды. Өзге өңірлерде де бұл жұмыс жалғасуда.

«Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін олардың қызметкерлерінің нақты санымен, жұмыс уақыты мен жеткізу тәсілдерімен өңірлердің жедел штабтары айқындайды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 27 сәуірде мәлімдегендей, дертке қатысты ахуал ушықпаса, төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталуы тиіс. Салынып жатқан объектілерді тапсыру мерзімінің бұзылуына жол бермеу мақсатында, әкімдіктерге құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кестесін қайта қарау және карантиндік шараларды алып тастағаннан кейін, әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылыс қарқынын күшейту қажеттігі туралы ұсынымдар жолданды», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар