Ақкөл қаласының тұрғынынан 4 центнерге жуық көкнәр тәркіленді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақкөл қаласының тұрғынынан 385 келі кептірілмеген және оған қоса 7 келі кептірлген көкнәр тәркіленді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша тамыздың 16-ы күні есірткі бизнесімен күрес бойынша бөлімше қызметкерлері жүргізген «Көкнәр-2016» арнайы операция барысында 50 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны қолға түскен. Тексеріс барысында күдікті үй ауласында құрамында есірткісі бар өсімдік өсіргені анықталып, 14 084 түп көкнәр, оған шаруашылық құрылыстары арасынан тағы қосымша 936 түп көкнәр тәркіленді.

Сонымен қатар, пролицейлер сөмке, картон қорап және қапқа салынған кептірілген көкнәр тәркіледі.

Бұрын сотты болған күдікті осыншама көкнәрді өзі пайдалану үшін өсіргенін айтып түсіндіруде. Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 300 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген заттар 385 келі 700 грамм кептірілмеген көкнәр және 7 келі 025 грамм кептірілген көкнәр сабағы екені анықталып отыр.