Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
- Тіркелмеген қаруды Аққулы ауданының тұрғыны өз үйінде сақтаған. Бұл - ТОЗ-34Р маркалы тегіс ұңғылы мылтық және ИЖ-58 тегіс ұңғылы ойық мылтық. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қарулар тәркіленді, - деді Аққулы ауданының полиция бөлімінің бастығы Тасқын Бодиев.
Еске сала кетейік, 17 мамыр - 17 маусым аралығында Павлодар облысының аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.Шараның мақсаты - қару мен жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу, қаруды заңсыз айналымнан алып тастау.