Әлемнің үздік 8 спортшының қатарында өнер көрсеткен отандасымыз ұршық сайысында 29.400 ұпайға ие болды.
Стилиана Николова - 30.150 ұпай
Таисия Онофрийчук - 30.050
Мария Борисова - 30.050
Рин Кейс - 29.800
Ақмарал Ерекешева - 29.400
16 жастағы Ақмарал Ерекешева 2025 жылы жасөспірімдер арасында ел тарихында алғаш болып әлем чемпионы атанған болатын.
Санаулы сәттен кейін жерлесіміз таспа сайысының финалында да жүлдеге таласады.
Франкфуртте ұйымдастырылып жатқан жаһандық доданың жеке жаттығуында жалпы 73 елден 102 спортшы жүлдені сарапқа салды.
Айта кетелік қазақ спорты реформалардан кейін қалай өзгергені туралы жазған едік.