Жекелей сында Қазақстан құрамасының намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғады.
Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Ақмарал Ерекешева көрсетті. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 13-орынға, доппен орындалатын жаттығуда 18-орынға, шығыршықпен орындалатын жаттығуда 15-орынға ие болды. Көпсайыс қорытындысында 11-орыннан көрінсе, ұршықтармен орындалатын жаттығуда тоғызыншы нәтиже көрсетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, Айбота Ертайқызы көпсайыста 32-орынға тұрақтады. Ол лентамен жаттығуда 12-орын, доппен жаттығуда 22-орын, шығыршықпен жаттығуда 35-орын, ал шоқпармен жаттығуда 63-орын алды.
Сондай-ақ әлем кубогының бұл кезеңінде Қазақстан топтық жаттығуларда да өнер көрсетті. Көпсайыс нәтижесі бойынша ұлттық құрама 15-орынға тұрақтады. Бес доппен орындалған жаттығуда қазақстандық гимнастар 19-орынға ие болса, үш шығыршық және ұршықтармен орындалған жаттығуда 12-нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Соня Жиенбаева әлемдік рейтингіде 26 сатыға жоғарылады.