Түнгі уақыттан бері жедел апаттық бригадалар РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына жедел қызметтің үш бригадасы, Есіл аудандық электр желілері қызметінің мамандары, сынақ және диагностика қызметі, сондай-ақ кабель желілері қызметінің мамандары дереу жетті. Үйдің ортақ қажеттіліктерін ең төменгі деңгейде қамтамасыз ету үшін дизельді-генераторлы қондырғылар қосылды.
2025 жылдың 22 қарашасы күні сағат 01:06–да «Тұран» қосалқы станциясында технологиялық ақау болып, РП-217-ге энергия беретін № 106 және № 210 ұяшықтары ажыратылды.
— Шектеу аймағында жеті тұрғын үй кешенінің тұтынушылары бар. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр, — деп атап өтті ведомство.
Бұған дейін Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалғанын жазған едік.