Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облысына Республикалық жедел-құтқару бөлімі, Орталық және Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасақтарының күштері мен құралдары жеткізілді.
Қостанай облысына Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару қызметкерлері мен құрал-жабдықтары әкелінген.
Жалпы көктемгі тасқын сулардың зардабын жою үшін қауіпті аумақтарға Төтенше жағдайлар комитетінен, жергілікті атқарушы органдарынан, жергілікті полиция қызметкерлерінен, Ұлттық Ұлан, Қорғаныс министрлігінен 2710 адам, 722 бірлік техника, 46 су сорғыш пен 32 қайық жұмылдырылды.