Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шакир Шаяхметов өңірдің судьялар корпусына және сот қызметкерлеріне Ақмола облысы бойынша Департаменттің жаңа басшысы Алмаз Ибраевты таныстырды.
Жаңа басшының кәсіби және іскерлік қасиеттерін атап өткен Ш.Шаяхметов сот қызметкерлері өңір соттарының жұмыс сапасын арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Исатай Сматов өз сөзінде Департамент қызметінің тиімділігі соттардың ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуіне және сот төрелігін жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалуына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Сол күні Ш.Шаяхметов Көкшетау қалалық сотына барып, ұжыммен кездесті және соттың қызметімен танысты.
Ибраев Алмаз Серікұлы 1977 жылы туған.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін (1999 жыл) және Халықаралық құқық және нарық академиясын (2001 жыл) тәмамдаған. Мамандығы – инженер-экономист, заңгер.
Еңбек жолы:
• 1998–2005 жылдары – мемлекеттік құрылымдарда, оның ішінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қызметкер, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі болып жұмыс істеген.
• 2005–2010 жылдары – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының, Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының судьясы.
• 2010–2020 жылдары – Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының төрағасы.
• 2020–2023 жылдары – Павлодар облыстық сотының судьясы.
• 2023–2025 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
Бұған дейін Мырза Еркенбек Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры болып тағайындалғанын жаздық.