Мырза Еркенбек Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Мырза Еркенбек Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры қызметіне тағайындалды.

Мырза Еркенбек Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры болып тағайындалды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы бас хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған Мырза Еркенбек енді федерацияның спорт бағытына жетекшілік етеді.

Жаңа қызметінде ол ұлттық және жастар құрамаларының жаттығу процесін ұйымдастыру мен үйлестіруге, халықаралық жарыстарға дайындықты бақылауға, жаттықтырушылар штабымен өзара жұмыс істеуге, сондай-ақ федерацияның спорттық стратегиясын жүзеге асыруға жауап береді.

Спорт директорының басты міндеті — қазақстандық боксшылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілетін арттыру, ұлттық құраманың тұрақты жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне қажетті жағдай жасау және елдегі бокс спортының дамуына үлес қосу.

Еске салайық, бұған дейін Тараз қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты басталғанын жазған едік.