77 жастағы Державинск қаласының тұрғыны және оның 53 жастағы ұлы алаяқтың «құрбанына» айнала жаздады. Алаяқ өзін медицина қызметкері ретінде таныстырып, медициналық тексеру жүргізу сылтауымен, SMS арқылы келген растау кодтарын иемденген.
- Жедел топ фишингтік қоңырауды дер кезінде тоқтатты. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында зейнеткер әйел мен оның ұлының жинақтары сақталып, алаяқтық фактісінің жолы кесілді, - делінген хабарламада.
Жалпы, 4 ай ішінде облыс бойынша 232 тұрғын алаяқтардың құрбанына айналып, келтірілген шығын 554 млн теңгеден асты.
-Тұрғындарды сақ болуға және алаяқтардың айла-тәсілдеріне алданбауға шақырамыз,-деп ескертті прокуратура.
Осыған дейін Алматыда телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталғаны туралы жаздық.