Алматыда телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды
АСТАНА.KAZINFORM – 2026 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесті.
Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.

Атап айтсақ, бұлар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиянды бағдарламалық қамтылымды қолданған.
Осы схема бойынша 4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты.

Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетелік Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстаған еді.