Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған

АСТАНА. KAZINFORM –  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: ІІМ

54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды.

Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен.

Арнайы операция барысында: — 200 келі мефедрон; 2 тоннадан астам прекурсор; химиялық реактор; түрлі жабдықтар тәркіленді.

— Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн АҚШ долларынан астам. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді, — деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.

Прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған.

Айта кетелік Павлодар облысында заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заты тәркіленген еді.