Ақмола облысында 23 қараша сағат 22:30-дан бастап бес автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
Атап айтқанда:
«Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 313-341 шақырымы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» автожолының 856-915 шақырымы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Жақсы кенті);
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 552-595 шақырымы (Сұрған кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
«Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 14-50 шақырымы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
«Көкшетау – Рузаевка» автожолының 40-61 шақырымы (Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Ал Павлодар облысында 24 қараша сағат 00:00-ден бастап үш автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Олар:
«Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-263 шақырымы (Атамекен кенті – РФ шекарасы);
«Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы» автожолының 0-112 шақырымы (Павлодар қаласы – РФ шекарасы);
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-415 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Атамекен кенті).
– Ақмола облысындағы жолдарды 24 қараша сағат 09:00-де, ал Павлодар облысындағы жолдарды сол күні сағат 06:00-де ашу жоспарланған. Жол қозғалысына қатысты қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады, – делінген компанияның хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін 20 қарашада Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар екі автожол учаскесінде қалың тұманға байланысты жылдамдық шектеуі енгізілген еді.