20 қарашада елдегі қандай жолдар жабық
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстанда ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде шектеулер күшінде.
«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, елдегі бірнеше тасжолда көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
Солтүстік Қазақстан облысы
2026 жылғы 20 қарашада сағат 07:00-де республикалық маңызы бар «Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 0–13 шақырымы аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.
Павлодар облысы
2026 жылғы 20 қарашада сағат 06:00-де республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды:
* «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы», 0–263 км (Атамекен кенті – РФ шекарасы);
* «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)», 191–390 км (Мичурино кенті – РФ шекарасы).
Жолдардағы шектеулер
20 қараша сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Ақмола облысында республикалық жолдардың екі учаскесінде жылдамдық режиміне шектеу қойылған.
2026 жылғы 19 қарашада сағат 11:50-де ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар KAZ02 «Астана – Көкшетау (айналма жолмен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті – Айдарлы ауылы)» автомобиль жолының 18–124 шақырымы аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық режимі сағатына 140 шақырымнан 110 шақырымға дейін төмендетілді.
2026 жылғы 19 қараша сағат 21:50-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 30–92 шақырымы аралығында (Жібек жолы ауылы – Анар станциясы) көліктің барлық түрі үшін жылдамдық режимі сағатына 140 шақырымнан 100 шақырымға дейін төмендетілді.
Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жол жабылғанын жазғанбыз.
Сондай-ақ Алматы облысында үш жол көктемге дейін жабылды.