Солтүстік Қазақстан облысында жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
– 2026 жылғы 20 қарашада сағат 08:40-та ауа райының қолайсыздығына (тұман, көріну қашықтығының шектелуі) байланысты республикалық маңызы бар «Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы» автожолының 11-73 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, Есік көліне апаратын жол 2027 жылдың сәуіріне дейін жабылады.