Ақмола облысында автокөлік пен электровоз соқтығысып, бір адам көз жұмды

Фото: Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысының Есіл ауданында автокөлік пен электровоз соқтығысып, бір адам көз жұмды, тағы бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19-шы қаңтарда Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледжінің маңындағы теміржол өткелінде болған. Бұл туралы жедел жәрдем қызметінің диспетчері полицияға хабарлаған.

Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті

Анықталғандай, Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматы басқарған «Lexus RX 300» көлігі реттелмейтін теміржол өткелінен өтпек болған кезде Есіл қаласы бағытында жүріп бара жатқан «Дрезина» электровозымен соқтығысқан. Салдарынан автокөліктің 32 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмса, жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал электровоз жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті

«Қазіргі кезде, полиция жол-көлік оқиғасына байланысты іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу шараларын бастап кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Астана-Петропавл» трассасында 15 автокөлік соқтығысқанын жазған едік.

Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті