«Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы 2026 жылғы қараша айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, биылғы қараша айындағы ауа райы 2024 жылғы қарашаға ұқсас болады.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, айлық орташа ауа температурасы -3,6…-5,6°С шамасында болады. Бұл климаттық нормадан 2°С жоғары.
Айдың алғашқы онкүндігінде ауа температурасы құбылмалы болады. Алғашқы күндері түнгі температура 0…-5°С-тан, облыстың оңтүстік-шығысында 2°С-тан 0… 5°С-қа дейін көтеріледі. Күндіз ауа температурасы 0… 5°С-тан 7… 12°С-қа дейін жоғарылайды.
Одан кейін ауа райы біртіндеп суытады. Түнде температура -4…-9°С-қа дейін төмендеп, облыстың солтүстігінде -12°С-қа жетеді. Күндіз 0…-5°С болады.
Онкүндіктің соңында күн қайта жылынады. Түнде ауа температурасы 0…-5°С, күндіз 0… 5°С, облыстың оңтүстігінде 8°С шамасында болады.
Екінші онкүндікте түнгі ауа температурасы 0…-5°С пен -7…-12°С аралығында құбылады. Күндіз 0… 5°С-тан -1…-6°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Үшінші онкүндікте де температураның құбылуы жалғасады. Түнде ауа температурасы -1…-6°С-тан -7…-12°С-қа дейін төмендейді. Облыстың оңтүстігінде түнгі температура -2°С шамасында болады.
Күндіз ауа температурасы 0… 5°С пен -1…-6°С аралығында құбылып, облыстың оңтүстігінде 3°С-қа дейін көтеріледі. Онкүндіктің соңында түнде -10…-15°С, күндіз -3…-8°С аяз күтіледі.
Жауын-шашын, тұман және көктайғақ
Синоптиктердің болжамынша, облыстың солтүстік бөлігінде айлық жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан жоғары, ал оңтүстік бөлігінде норма шамасында болады. Қараша айындағы қалыпты жауын-шашын мөлшері — 18–33 мм.
- Айдың басында: жаңбыр мен жылбысқы қар жауады.
- Айдың алғашқы онкүндігінің ортасы мен соңында, екінші және үшінші онкүндіктердің басында: қар жауып, бұрқасын соғуы мүмкін.
- Тұман: айдың басы мен ортасында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі.
- Көктайғақ: алғашқы онкүндіктің басы мен соңында және екінші онкүндіктің басында болуы ықтимал.
Бұған қоса, айдың алғашқы жартысында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің басы мен соңында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Бұған дейін алдағы үш күнде жаңбыр жауып, қай өңірлерге қар түсетінін жаздық.