Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, қар түсетін өңірлер аталды
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 20–22 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
— 20 қазанда күндіз Павлодар облысында, 21–22 қазанда елдің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1–3 градусқа дейін үсік жүреді. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
Ауа температурасы:
-
Елдің батысында: түнде -6…+2°С-қа дейін төмендейді, күндіз +15…+22°С-қа дейін аздап жоғарылайды;
-
Маңғыстау облысында: түнде +2…+10°С-қа дейін төмендейді, күндіз +21…+26°С-тан +18…+23°С-қа дейін аздап құбылады;
-
Ақтөбе облысында: түнде 0…+5°С-тан -1…-6°С-қа дейін аздап төмендейді, күндіз +12…+17°С-қа дейін жоғарылайды;
-
Қостанай облысында және елдің солтүстігінде: түнде ауа температурасы -1…-6°С-тан 0…+5°С-қа дейін құбылады, күндіз +2…+10°С шамасында болады;
-
Елдің орталығында: түнде ауа температурасы 0…+5°С-тан -1…-6°С-қа дейін құбылады, күндіз +3…+11°С-тан +7…+13°С-қа дейін өзгереді;
-
Елдің шығысында: түнде 0…+5°С-қа дейін төмендейді, күндіз +2…+7°С-қа дейін аздап төмендейді, өңірдің шығысында -1°С болады;
-
Республиканың оңтүстігінде: түнде ауа температурасы 0…+5°С-қа дейін аздап төмендейді, күндіз +18…+23°С-тан +12…+17°С-қа дейін құбылады;
-
Елдің оңтүстік-шығысында: түнде ауа температурасы негізінен 0…+8°С болады, таулы аудандарда -3…-8°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +15…+20°С-тан +8…+16°С-қа дейін аздап құбылады.
Бұдан бұрын қарашада Қостанай облысында аяз бен жылымық алмасатынын жаздық.