Ақмола облысында марал мен бұғылардың саны артты

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысында бұғы тұқымдастардың саны 19,5%-ға артты.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ақмола облысында жабайы жануарларды есепке алу нәтижелері жарияланды. Соңғы төрт жылда өңірдегі бұғы тұқымдастардың жалпы саны 532 басқа көбейген.

2023 жыл — 2 726 бас
2024 жыл — 2 836 бас
2025 жыл — 2 786 бас
2026 жыл — 3 258 бас!

Жалпы өсім — 19,5% болған.

Қандай жануарлар есепке алынды?

2026 жылғы мәлімет бойынша:

Марал — 1 099 бас
Бұғы — 15 бас
Асканиялық бұғы — 1 588 бас
Теңбіл бұғы — 556 бас

Бұл жануарлар «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» ұлттық парктерінде және Ақмола облысының бірқатар аңшылық шаруашылықтарында мекендейді.

Айта кетелік күзде бұғы неге ерекше дауыс шығаратыны туралы жазған едік.