Ақмола облысының Щучье қаласында тұрғын үй өртеніп, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт төрт пәтерлі тұрғын үйден шыққан.
«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 22 адам және 7 өрт сөндіру техникасы тартылды. Үй ағаштан жасалғандықтан өрт сөндіру кезінде қиындықтар болды. Жалын шарпыған үйден екі адамның мәйіті табылды „, — деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бір үй екі рет өртенгенін жазған едік.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.