Ақмола облысында бір үй екі рет өртенді

Ақмола
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында бір үй екі рет өртенді, деп хабарлайды Kazinform.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 11 желтоқсанда сағат 23:51 шамасында сегіз пәтерлі тұрғын үйдің №6 пәтерінде болған. 

Ақмола
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

«Өрт сағат 00:30-да оқшауланып, сағат 01:30-да сөндірілді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүгін таңертең сағат 08:35-те сол үйдің №7 пәтерінде өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамнан 11 адам және 2 техника, Астана қаласы ТЖД 8 адам және 3 бірлік техника тартылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі адамды күйік шалған болатын.

Соңғы жаңалықтар