Ақмола облысында ірі есірткі зертханасы жойылды - ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп, Целиноград ауданында ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Kazinform клмитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Мухтор Холодорбеков/ Kazinform

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталды.

Тінту кезінде 40 кг синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып тәркіленді.

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды»,-делінген ҰҚК баспасөз баянында.