Ақмола облысында үш республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысындағы үш республикалық маңызы бар автожолдың кейбір бөлігінде жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі. Жолдар 15 қараша күні таңертең ашылады.

Фото: Дарья Аверченко/Kazinform

14 қараша сағат 19:00–ден бастап Ақмола облысында республикалық маңызы бар үш автожолда қозғалыс шектеледі. Шектеу жазғы дөңгелекпен жабдықталған көліктердің барлық түріне қатысты.

Атап айтқанда:

  • «Көкшетау — Атбасар» автожолының 0-184 шақырымы (Көкшетау — Атбасар);

  • «Щучинск — Зеренді» автожолының 0-77 шақырымы (Щучинск — Зеренді);

  • «Астана — Көкшетау (айналма жолымен) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 232-302 шақырымы (Щучинск — Көкшетау).

Жол қозғалысын 15 қараша сағат 10:00–де қайта ашу жоспарланған.

Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.

Еске салайық, бұған дейін 15 қарашада елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалғанын хабарлаған едік.