Тұман, қар және жаңбыр: 15 қарашада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райы сақталады. Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде қар мен жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта түнде және таңертең тұман болады. Іле Алатауының Алматы қаласындағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей уақыттарда 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде күндіз нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан жел облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен соққан жел күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанайда оңтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз осы аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Қарағандыда күндіз аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен таулы аудандарында түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында және орталығында тұман түседі. Павлодарда тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оралда оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының орталығы мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел Алакөл көлдері маңында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола облысының шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған қар жауып, көктайғақ байқалады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Көкшетауда түнде аздаған қар жауып, көктайғақ пен тұман болады.
Астанада кей уақыттарда аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыстың батысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.