Ақмола облысында заңсыз берілген жер учаскесі қайтарылды

Фото: Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Жер заңнамасын бұза отырып, 461 га жайылымдық жерді жеке меншікке бергені анықталды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізеді.

— Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұза отырып, 461 га жайылымдық жерді жеке меншікке бергені анықталды, — делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтық құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осы басым бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Айта кетелік Абай облысында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды.